Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның қарсыласы Ванес Мартиросян жекпе-жекке бір апта қалғанда салмақ өлшеді.

Головкин таразыда 162.9 фунт (74 кг) көрсетсе, Мартиросянның салмағы 167.1 фунт болды. Бұл салмақтың лимиті – 168 фунт.

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Мартиросян кездесуі Қазақстан уақытымен 6 мамырда өтеді.