Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов алдағы жоспарларымен бөлісті.

- Биыл алты-жеті... Жеті жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Кездесулер географиясы туралы сөйлескенбіз. Әзірше Нью-Йоркте бастаймыз. Лондонда, Монакода жұдырықтаспақпыз. Алдағы уақытта Астанада жекпе-жек өткізу жоспарымда бар, - деді Елеусінов.

Данияр кәсіпқой бокстағы дебютін 28 сәуірде Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) өткізеді. Қарсыласы – америкалық Нао Кидд (3-0-1, 2 КО).