Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен «Cup of China-ның» қысқа бағдарламасында төртінші орынға ие болды.

Бейжіңде мәнерлеп сырғанау бойынша Гран-придің үшінші кезеңі - «Cup of China» басталды.

Қысқа бағдарламадан соң қытайлық Янь Хан (90,14 ұпай) бірінші, ресейлік Максим Ковтун (81,84) екінші, жапониялық Такахико Козуки (81,62) үшінші орынды иеленді. Қазақстандық Денис Тен 77,05 ұпай жинап, төртінші сатыға орнықты.

Мәнерлеп сырғанау. Гран-при. Үшінші кезең. Cup of China. Бейжің (Қытай)

Ерлер. Қысқа бағдарлама.

1. Янь Хан (Қытай) - 90,142. Максим Ковтун (Ресей) - 81,843. Такахико Козука (Жапония) - 81,624. Денис Тен (Қазақстан) - 77,05.