Елордалық «Барыс» хоккей клубы өз алаңда «Салават Юлаев» (Башқұртстан, Уфа) командасын жеңді.

Бұл ойында «Барыс» бірден екі шайбамен алға шықты. Бірінші кезеңде алғашқы шайбаны Найджел Доус салса, Брэндон Боченски есепті еселеді. Алайда екінші кезеңде таразы басы теңесті. Содан үшінші кезеңнің ортасына дейін өзгермеді. Ол уақыттың ішінде екі команда есеп айырмасын өз пайдасына шешуге тырысты. Бұл арпалыста «Барыстың» жолы болды. Б.Боченски тағы бір шайбаны соғып, дубльдың авторы атанды. Қорытынды есеп - 3:2.

Осы матчтан кейін «Барыс» хоккей клубы Шығыс конференциясында «Ақ Барсты» (Қазан) артқа тастап, бірінші орынға шықты. Ал Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде команда 52 ұпаймен екінші орынға орналасты.

«Барыс» (Астана) – «Салават Юлаев» (Уфа) 3:2 (2:0, 0:2, 1:0)

1:0 - Доус - 13:052:0 - Боченски (Бойд, Гребенщиков) - 15:572:1 - Хартикайнен (Кольцов, Бабчук) - 21:47, в большинстве2:2 - Макаров (Исангулов, Хартикайнен) - 24:563:2 - Боченски (Семенов, Доус) - 45:48

Қақпашылар: Ахонен – Волков