Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда «Южный Урал» (Ресей, Орск) командасына жол берді.

Бұл ойында қарсылас команда есепті бірінші болып ашты. Екінші кезеңде «Қазцинк-Торпедо» таразы басын теңестірді. Дегенмен, кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, «Южный Урал» тағы бір шайбаны соғып, алға шықты. Ал үшінші кезеңде олар есепті еселеп, 1:3-ке дейін жеткізді. «Қазцинк-Торпедо» ойынды өз пайдасына шеше алмады.

Айта кетсек кетер жайт, «Қазцинк-Торпедо» үшінші рет қатарынан жеңіліп отыр. Бұған дейін команда «Молот-Прикамье» (Пермь) және «Челмет» (Челябі) командаларынан ұтылған болатын. Соған қарамастан, Өскемен қаласының хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде екінші орнын сақтап қалды.