Әйгілі аргентиналық футболшы Диего Марадонамен доп теуіп, футбол ойнаған қазақ баласы желіге жазба қалдырып, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Nur.kz порталы хабарлайды.

Өмірге екі аяқсыз келген балақай бұған дейін арнайы протездің көмегімен жүріп-тұрып, тіпті, футбол ойнап та жүріпті. Алайда есейіп, Әлидің бойы өскендіктен ол протездері жарамсыз болып қалған көрінеді.

Десе де батыр балақай ол үшін мұңаятын емес. Ол әйгілі Марадонамен кездесіп, онымен тіпті доп теуіп те көріпті. Футболшымен кездескеннен кейін көптеген достар тапқанын айтқан ол өзінің Instagram парақшасына жан тебірентерлік жазба қалдырды.

«Көпшілік мені танып, құшақтап, суретке түсетін болды. Шынымды айтсам, мен оған қатты таң қалдым және оған өте қуаныштымын.

Бұрындары адамдар маған ұзақ қарағанда маған ол көп ұнай бермейтін, өзімді өте ыңғайсыз сезінетінмін. Анама «неге олар маған осылай қарайды» деп ренжитінмін. Ал қазір бәрі басқаша. Мен оны сеземін! Бастысы менің достарым мен парақшамда оқырмандарым көбеюде», - деп жазба қалдырған ол.