Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Райан Гарсия бапкер Абель Санчестің сынына жауап берді.

Абель Санчес америкалық боксшыны «екінші Головкин» деп атайтын деңгейге жетпеді деп есептейді.

«Шынымды айтсам, таңқалдым. Себебі Санчесті мықты адам деп есептейтінмін. Бірақ ол маған ашулы секілді, оған бір нәрсе істегенге ұқсаймын. Оған айтар ештеңем де жоқ. Бірақ мен Головкиннің салмағында болсам, оны оңай ұтар едім. GGG мен үшін тым баяу», - деді Гарсия.