«Реал» қорғаушысы Даниэль Карвахаль Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Бавариямен» болатын қарымта кездесуге қатыспайды.

Ол кешегі өткен ойында жарақат алды. Карвахальдың қатарға қосылуына екі-үш апта уақыт керек.

Ол сондай-ақ алтыншы мамырда өтетін «Барселонамен» ойынға да қатыса алмайды.