Kota Sport ақпаратына сүйенсек, павлодарлық «Ертістің» тізгінін болгариялық маман Стойчо Стоев ұстауы мүмкін.

«Қайратқа» қарсы ойын «Ертістің» қазіргі бапкері Херард Нус үшін павлодарлық клубтағы соңғы матч болуы ықтимал. Мұндай жағдайда «Ертісті» болгариялық бапкер Стоев жаттықтырады деп күтілуде.

55 жастағы маман бұған дейін «Лудогорец» және «Левски» секілді Болгарияның азулы клубтарын баптаған. 2013 жылы Болгарияның үздік бапкері атанды.