Былтыр Lampre-Merida командасында өнер көрсеткен итальяндық шабандоз Микеле Скарпони «Астана»велокомандасына көшті. Келісімшарт бір жылға жоспарланған.

«Микеле капитан атануға лайықты спортшы. Алайда қазіргі таңдағы басты мәселе Винченцо Нибалиге лайықты әріптес табу. «Турларда» жеңіске жету үшін Нибалиге Микеле сынды мықты серіктес спортшылар керек, - деді «Астананың» бас менеджері Александр Винокуров.