Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 25 сәуірде өткен арнайы баспасөз-мәслихатында Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян сарапқа салатын белбеуді ұсынды.

Осындай белбеу басында Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек үшін жасалған болатын. Алайда Канело допинг-сынамадан өте алмай, жекпе-жек ұйымдастырылған жоқ.

Енді қазақстандық боксшы 5 мамырда Калифорнияда америкалық Ванес Мартиросямен жұдырықтасады.