«Сочи 2014»  Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты  2014 жылы 7 ақпан күні Мәскеу уақытымен  сағат 20:14-те «Фишт» стадионында өтетін болды.

Байқасаңыз, жыл мен уақыт көрсеткіші сәйкес келеді.  Пекин олимпиадасы кезінде де  осындай сәйкестікке мән берілгені есімізде:  2008 жылы 8-ші айдың 8-і күні,  сағат 8-ден 8 минут 8 секунд кеткенде басталған.  Қытайлықтар 8 санына қатты сенгендіктен осылай істеді.

Ал Сочиде ұйымдастырушылар соңғы жылдары сәнге айнала бастаған осы көріністі қайталаған сияқты.  Жалпы Қысқы Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатындағы сахналық қойылымдарға 3 мыңдай талантты жас, шығармашылық ұжымдар қатысады.

Оның сыртында Олимпиаданы ұйымдастыруға 2 мың  еріктілер көмектеседі.