Зарина Дияс Тайбэйдегі ITF теннис турнирінің финалында ойнайды.

Жерлесіміз жартылай финалда бельгиялық қарсыласы Элисон ван Ютванкты жеңді.

Бірінші сетті тай-брейкке жеткізіп 7:6 есебімен әрең ұтқан Зарина екінші кезеңде бір де бір геймде жеңілмеді.

Зарина Дияс (Қазақстан) – Элисон ван Ютванк (Бельгия) 7:6 (7:5), 6:0.