Ойыннан соң «Қызылжар» командасының бас жаттықтырушысы Никола Спасов матч туралы пікірін айтты:

- Командамды бүгін бүгінгі ойынымен құттықтағым келеді. Олар еліміздің ең үздік командасына лайықты қарсылық көрсете білді. «Астана» командасының ойыншылары өздерінің жоғары ойынын көрсетті және менің шәкірттерім де олардан қалыспауға тырысып бақты. Меніңше, біз бүгін жоқ дегенде тең нәтижеге лайық ойын көрсеттік. Егер біз дәл осындай ойынымызды жалғастыра берсек, алдағы уақытта ұпай алатын боламыз.