«Ливерпульдің» аңыз ойыншысы Стивен Джеррард мерсисайдтықтардың форварды Мохамед Салахты әлемнің үздік футболшысы деп атады.

«Ол өз өміріндегі ең мықты қалпында жүр. Оны Роналду және Мессимен салыстыру қиын, себебі олар жылдан жылға ғажайып өнер көрсетіп келеді. Бірақ Салах – сөзсіз, дәл қазір әлемнің үздік ойыншысы», - деді Джеррард.

Айта кетейік, Салах осы маусымда «Ливерпуль» сапында барлық турнирде 43 гол соқты.