«Боруссия» шабуылшысы Роберт Левандовский «Барселонаға» ауысуы мүмкін. Дегенмен келлісөздер әлі басталған жоқ, деп хабарлайды Sport.es сайты.

Сондай-ақ каталондықтар Марко Ройстың ойынын мұқият бақылап жүр, дейді испандық баспасөз өкілдері.

Естеріңізде болса, бұның алдында «Барселона» дортмундық клубтың екі ойыншысы Матс Хуммельс пен Илкай Гюндоганға қызығушылық танытқан еді.

Осы маусымда Левандовский 10 кездесуде 6 гол соғып 4 нәтижелі паспен көзге түсті.