Испания чемпионатының 36-туры аясында өтетін «Барселона» - «Реал» кездесуінің төрешісі белгілі болды.

Эль-Классиконы төрелік ету Алехандро Хосе Эрнандес Эрнандеске сеніп тапсырылды.

Айта кетсек, аталған ойынға «Барселона» командасы чемпион ретінде шығуы мүмкін. Ол үшін каталондық клубқа келесі турда «Департивоны» жеңу жеткілікті.