Баскетболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында ұлттық құрамымыз Үндістан қарсыластарынан ұтылды.

Сол себепті, біздің қыздарымыз 2-ші қараша күні  I топтағы орнын сақтау үшін II топтың жеңімпазымен кездесу өткізеді.

Үндістан – Қазақстан 65:62 ОТ (16:14, 19:10, 10:21, 10:10, 10:7)

Қазақстан:​ Иванова (16), Винокурова (14), Алишаускайте (14), Демиденко (5), Байдүсенова (4), Доц (3), Гаврилюк (2), Проценко (2), Кондракова (2).