Қазақстандық теннисші Александр Недовесов (224) Аньнин (Қытай) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирін сәтсіз бастады, деп хабарлайды prosports.kz сайты. Отандасымыз алғашқы айналымда тайваньдық теннисші Ян Цун Хуадан (250) жеңілді. 1 сағат 49 минутқа созылған кездесу 6:4, 4:6, 6:0 есебімен аяқталды.