Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегі өтетін уақыт жақындап келеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Бүгін Данияр өзінің Instagram желісінде сурет жүктеп, алғашқы кездесуін өткізу үшін Нью-Йорк (АҚШ) қаласына келгенін жазды. - Міне, мен де Нью-Йоркке келдім. 28 сәуір күні осында Димашпен бірге жекпе-жек өткіземіз, деп жазды Данияр.Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) жұдырықтасатын болады. 22 жастағы америкалық боксшы екі жеңісін техникалық нокаутпен, біреуін судьяның шешімімен жеңген. Ал төртінші кездесуінде қарсыласымен тең түскен. Елеусінов – Кидд арасындағы айқас алты раундқа жоспарланып отыр. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ, Нью-Йорк штаты) 28 сәуірде өтеді.