Бүгін Аньнин (Қытай) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптасып өнер көрсетушілер арасындағы 1/8 финалы аяқаталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Бұл сында Қазақстандық теннисші Александр Недовесов пен ресейлік Евгений Донской жұбы Алекс Болт пен Люк Сэвиллға қарсы өнер көрсеткен болатын. Өкінішке орай, 55 минутқа созылған кездесу 6:4/6:3 есебімен австралиялық жұптың пайдасына шешілді.