Қазақстандық Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсететін «Уфа» футбол клубы мәскеулік «Локомотивке» қарсы ойында ұпай еншіледі.

РФПЛ 27-турындағы матч Мәскеуде өткен. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Локомотивте» 57 ұпай бар. Ал «Уфа» 36 ұпаймен алтыншы орында тұр.

Сейдахмет жарақатына байланысты бұл матчқа қатысқан жоқ.