Қазақстан құрамасы Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобын жеңіспен бастады.

Біздің құрама Венгрияға қарсы матчта жеңісті үшінші кезеңде жұлып әкетті. 44-минутта Валерий Орехов есеп ашқан. Артынша 44 және 48-минуттарда Евгений Рымарев дубль жасады. Қорытынды есеп – 3:0.

Енді 24 сәуірде Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен күш сынасады.