Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері болып 51 жасар Душан Грегор тағайындалды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Душан Грегор Словакияның Тренчин қаласында 1962 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келген. Ойыншы ретінде Чехословакия, Дания және Австрия чемпионаттарында өнер көрсеткен. Жаттықтырушы ретінде Словакия жастар құрамасымен (2005 ж.) жұмыс жасаған тәжірибесі бар. Сондай-ақ «Дукла» ХК (Тренчин), «Мартин» ХК, Либерецтің «Ақ жолбарыстарын» жаттықтырған. Өткен маусымда «Сокол» (Красноярск) клубын баптаған.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың мамырынан қазан айына дейін «Сарыарқаны» жаттықтырған ресейлік маман Евгений Зиновьев өз еркімен отставкаға кеткен болатын.