Ертең ел біріншілігінің алтыншы тур ойындары өтеді

«Қайрат» - «Қайсар»

Чемпиондыққа үмітті алматылық «Қайрат» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдайды. Алматылық комада алғашқы бес турда жеңілмегенімен екі ойында тең түсіп төрт ұпай жоғалтты. Қазіргі уақытта олардың алдын «Астана», «Тобыл» және «Ордабасы» клубтары орап тұр. Ал қызылордалық команда маусымды өте нашар бастады. Алғашқы турда өз алаңында «Ақтөбенің» жастарынан жеңіліп қалғанын да жақсы білетін боларсыздар. Чемпионатта әлі жеңіске жетпеген екі команданың бірі де дәл осы «Қайсар». Қызылордалық команда Алматыда ұпай алады дегенге сену қиын.