Бүгін «Хорватия туры» көпкүндігінің бесінші кезеңі өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.148 шақырымдық бұл кезеңде Astana Pro Team командасының велошабандозы Евгений Гидич 11-ші болып келді.

Осылайша, Гидич жалпы есепте үздік үштікке енді. Оның алдын беларусь Константин Сивцов (Bahrain-Merida) пен голландиялық Питер Виннинг (Roompot - Nederlandse Loterij) орап тұр.