Ел кубогының екінші жартылай финалында қарағандылық «Шахтер» өз алаңда «Ертісті» 2:0 есебімен жеңіп финалға жолдама алды.

«Кеншілердің» бас бапкері Виктор Кумыков кездесу алдында біздің басты мақсатымыз Еуропа лигасы мен Қазақстан кубогында жақсы нәтиже көрсету деп айтқан болатын. Сол себепті қарымта ойынға «Шахтер» бапкері алаңға мықты ойыншыларын шығарды. Кумыковтың бұл шешімі өз-өзін ақтай алды. Андрей Финонченко мен Александр Симчевич соққан голдарының арқасында қарағандылық клуб жеңіске жетті.

Естереңізге сала кетсек, Павлодарлық «Ертіс» бірінші кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді, алайда қарымта кездесу Талғат Байсуфиновтың ұжымы үшін сәтсіз аяқталды. Осылайша, «Шахтер» Қазақстан Кубогының финалында «Тараз» командасымен кездеседі.

Қазақстан кубогыЖартылай финалҚарымта матч.

«Шахтер»-«Ертіс» - 2:0 (1:0)

Голдар: Финонченко 38, Симчевич 84

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Порываев, Мұртазаев, Байжанов, Вичюс, Казарян, Финонченко, Зенькович

«Ертіс»: Котляр, Қожабаев, Чернышов, Чучман, Суюмбаев, Юрин, Шомко, Иванов, Мухутдинов, Шабалин, Бақаев