«Барселона» - «Севилья»

Бүгін түнде Испания Кубогының финалы өтеді. Финалға «Барселона» мен «Севилья» шыққанын білетін боларсыздар.

«Барселона» Чемпиондар лигасында күтпеген жерден «Ромадан» ұтылып жарыс жолынан шығып қалған. Енді бір қателік жіберсе жанкүйерлер кешіре қоймайтынын жақсы түсінеді. Сондықтан бүгін қалай да жеңіске жетіп жанкүйерлерін қуантқысы келеді.

Қарсыласы да осалдар қатарынан емес. «Севилья» нағыз кубоктық команда. Еуропа лигасында үш дыл қатарынан қарсылас шыдатпаған да осы ұжым болатын. Дегенмен кездесудің фавориті каталондық клуб саналуда. Біз де «Барселонаға» сенім артамыз.