Ел кубогының жартылай финалдық кездесуінде «Тараз» сырт алаңда 1:0 есебімен «Ақтөбеден» басым түсті.

Екінші таймда қарымта шабуылдардың бірінде Сергей Шафф кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, командалар арасындағы алғашқы матч - 0:0 есебімен аяқталған.

Осылайша, «Тараз» Қазақстан кубогының ақтық сынына жолдама алды. Финалда жамбылдықтар қарағандылық «Шахтермен» кездеседі.

Қазақстан кубогы. Жартылай финал. Қарымта матч.

«Ақтөбе»-«Тараз» - 0:1 (0:0)

Гол: Шафф 90

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Давыдов, Арзуманян, Тағыберген, Логвиненко, Гейнрих, Бикмаев, Кападзе, Балтаев, Аймбетов

«Тараз»: Нұрмұхаметов, Мехмедович, Айтбаев, Баялиев, Шабаев, Лечич, Евстигнеев, Сергиенко, Қожамберды, Бауыржан, Шафф