Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) американдық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 KO) өтетін жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды отандық басылымдар.Ашық жаттығу келесі апта өтетін болады. Бірақ, Головкиннің жаттығуын жанкүйерлердің нақты қай жерден тамашалай алатыны қазірше белгісіз. Бір анығы аталған іс-шара Лос-Анджелес қаласында болады.