«Астана» Премьер-Лиганың алтыншы турының орталық матчында шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнайды.

Қазақстан футбол Федерациясының төрешілер мен инспекторлар алқасы осы кездесуге Айдын Рахимбаевтың басшылығындағы төрешілер құрамын бекітті.

Рахимбаев осыған дейін елордалық команданың қатысумен өткен 17 ойында қызмет жасап, барлығы 63 сары, 2 қызыл қағаз көрсеткен. Ал екі ойыннан қуылу сәті 2011 жылы өткен «Ордабасы» - «Астана» арасындағы кездесуде орын алған. Аталмыш кездесуді Дмитрий Евстигнеев пен Қайрат Нұрдәулетов соңына дейін жеткізе алмаған. Және Рахимбаев елордалық команда қақпасына 11 метрлік айып добын белгілеген. Пенальтиді Артем Касянов сәтті орындаған.

2014 жылдың наурыз айында Айдын тағы бір мәрте «Ордабасы» - «Астана» арасындағы кездесуде қызмет атқарған. Ол ойында елордалық команда 1:0 есебімен жеңіске жетіп, астаналықтар сапынан Дмитрий Шомко сары қағазбен жазаланған.

Шымкенттегі ойында Рахимбаевқа Айдын Тасыбаев (Павлодар)пен Евгений Бельский (Тараз) көмектеседі. Қосалқы төреші: Фуркат Атажанов (Шымкент). Матч инспекторы: Александр Перемитин (Алматы).

Ал ойын 22 сәуір күні сағат 17:00-ге жоспарланған.