Қазақстандық теннисші Александр Недовесов (242) Наньчан (Қытай) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Ширек финалда отандасымыз үндістандық Рамкумар Раманатанды (116) жарыс жолынан шығарды. 1 сағат 29 минутқа созылған кездесу 6:2, 7:5 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Недовесов келесі кезеңде франциялық Кальвин Эмеримен (130) кездеседі. Бұл матч ертең Астана уақытымен 10:30-да басталады.