Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Ермак» (Ресей, Ангарск) командасын қабылдайды.

Бүгінгі болжамға сәйкес, бұл екі команданың мүмкіндігі тең. Себебі Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде олар бір-бірінен алыс кетпеген. «Сарыарқа» 23 ұпаймен 15-ші орында орналасса, «Ермак» командасы бір ұпайға кем жинап, 18-ші сатыдан көрінді. Соңғы ойындарда олар өз қарсыластарын овертаймда жеңген. «Сарыарқа» хоккей клубы «ТХК»-дан басым түссе, «Ермактың» хоккейшілері «Ижстальды» ұтқан болатын.