Волгоградтық «Ротордың» шабуылшысы Антон Архипов «Интурст» қонақ үйінде ішімдікке тойып бұзақылық жасаған үшін командадан қуылды, деп хабарлайды «Ротор» клубының ресми сайты. Архипов 23-ші қазан күні Хабаровтың «СКА-Энергияға» қарсы өткен матчтан соң, қонақүйде бапкерлін боқтап, қонақ үйдің есік терезесін сындырған. Сондай-ақ футболшы бапкерлердің бірін аяқпен теуіп, ауызға келгенін айтқан. Клуб басшылығы ойыншымен бірден келісімшартты бұзды.Айта кетер жайт, осы маусымда 27 жастағы Архипов «Ротор» сапында 16 матчқа қатысып үш рет көзге түсті.