«Барыс» хоккей клубының қақпашысы Хенрик Карлссон Қазақстан азаматтығын алып, енді еліміздің бас командасының намысын қорғайтын болды, деп хабарлады Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты (IIHF).

34 жастағы қақпашы 2010–2012 жылдары ҰХЛ-ның «Калгари»клубында ойнап жүріп, Швеция құрамасына шақырылған еді, бірақ IIHF басшылығымен өтетін бірде-бір жарысқа қатысқан емес.

IIHF мәлімдегендей, ресейлік хоккейшілер Роман Рачинский, Егор Шалапов, Дмитрий Гурков пен Егор Петухов спорттық азаматтықтарын Қазақстан азаматтығына айырбастады.