Қарағандыда 27-28 қазан күндері волейболдан әйелдер арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті.

Ел чемпионатының жеңімпазы және ел кубогының иегері ретінде жарысты бірден жартылай финалдан бастаған Талдықорғандық «Жетісу» биыл да Қазақстан кубогын өзінде сақтап қалды. Олар бұл жолы алдымен алаң иелерін (21:25, 25:22, 25:21, 27:25), одан кейін алматылықтарды да дәл сондай 3:1 есебімен (25-19, 19:25, 29:27, 25:19) ұтты. 

Ал жартылай финалда Павлодардың «Ертіс-Қазхромынан» 2:3 (25:20, 13:25, 25:19, 23:25, 10:15) басым түскен «Алматы» волейболшылары күміс жүлдегер атанды. 

Жалпы Қазақстан кубогын бұған дейін 1999 жылы Астананың «Астана қанаты» иеленсе, 2000-2005, 2007 жылдары Алматының «Рахаты» 7 дүркін жеңіп алған болатын. Енді олардың рекордын Талдықорғандық «Жетісу» қайталап отыр.