«Шыны керек, қарсыластар жақсы тәртіп пен тасқамал қорғанысты көрсете білді. Біз болсақ, ойланбай ойнадық. Шабуылдарымыз баяу шығып, соның салдарынан шайба да соғылған жоқ. Бәлкім, команда психологиялық жағынан шаршап қалған болар. Дегенмен, бізде жақсы ойнаймын деген бірнеше хоккейші болған. Ал шын мәнінде олай болмай шықты. Сондықтан келесі матчқа дейін біз команда құрамына бірқатар өзгерістер енгізу мәселесін ойластырамыз», - деді «Барыстың» бас бапкері Ари-Пекка Селин.
Айта кетейік, «Барыстың» келесі ойыны ертең, 30 қазан күні өтеді. Команда өз алаңында «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдайды. Бүгінде аталған хоккей клубын «Барыстың» экс-бапкері Владимир Крикунов жаттықтырады.
Комментарии