Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпиондық титулынан айырылып қалуы ықтимал.

Мұндай жағдайда бос қалған белбеуге америкалық Дэниэл Джейкобс пен украиналық Сергей Деревянченко таласуы мүмкін.

IBF 5 мамырда Головкиннің қарсыласы Деревянченко болғанын қалайды. Украиналық боксшының командасы да осы кездесуді қалап отыр. Алайда жекпе-жек болатын күнге аз қалып, жарнамалайтын уақыт болмағандықтан Головкиннің командасы бұл қарсыластан бас тартты.

Мұндай жағдайда IBF өз титулын Головкиннен тартып алуы мүмкін. Сол кезде оған Джейкобс пен Деревянченко таласады.