Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева мен чехиялық Кристина Младенович Луганодағы WTA турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға шықты, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Ширек финалда олар румыниялық Ралука-Йоана Олару мен британиялық Анна Смитті жеңді - 7:5, 6:4.

Енді жартылай финалда Воскобоева мен Младенович бельгиялық Кирстен Флипкенс және Элиза Мертенс жұбымен кездеседі.