Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайыновтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Абылайхан келесі жекпе-жегінің мерзімі анықталды. Отандасымыз 26 мамыр күні шаршы алаңға қайта шығатын болды. Бұл Абылайханның кәсіпқой бокстағы 9 жекпе-жегі болады.

Айта кетейік, Абылайхан Құсайынов шаршы алаңда 8 жекпе-жек өткізіп, 5 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Құсайынов соңғы кездесуінде мексикалық Гилберто Мезаны төрешілер шешімі бойынша жеңді.