Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың төртінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді, деп жазады ҚКФЛ-ның ресми сайты.
Сауалнама 5 күн өткізілді. Нәтижесінде «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Хврое Милишевичтің шымкенттік «Ордабасының» қақпасына соққан голы үздік деп танылды. Хорваттық ойыншыға 1362 адам дауыс берді.
Премьер-лиганың төртінші турының үздік үш голы:
1. Хрвое Милишевичтің голы (Ордабасы - Ақтөбе 3:1) – 1362 дауыс
2. Марат Хайруллиннің голы (Тобыл – Атырау 3:2) – 658 дауыс
3. Тимур Досмағамбетовтың голы (Ордабасы - Ақтөбе 3:1) – 203 дауыс.
Осылайша Хврое Милишевичтің голы сәуір айының үздік добын анықтайтын сауалнамаға қатысады. Аталған сауалнама айдың аяғында өткізіледі.