Футболдан Армения құрамасының екі ойыншысы «Уралдың» шабуылшысы Артур Саркисов пен «Краснодар» қорғаушысы Маркос Пизелли «Ақтөбеге» ауысу мүмкін.

«Спорт-Экспресс» мәлімдеуінше, трансфердің себебі қос ойыншының алаңға сирек шығуы болмақ. Айта кетер жайт, «Ақтөбе» сапында Армения құрамасының ойыншысы Роберт Арзуманян өнер көрсетеді. 

Естереңізге сала кетсек, Саркисов премьер-лигадағы 13 кездесуде бір гол соқса, Пизелли үш рет алаңға шығып үлгерді.