Англия футбол құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм 14 жастағы баласы Бруклинмен бірге Лос-Анджелестегі үйіне жақын жерде жол апатына түсті деп хабарлайды, британдық БАҚ өкілдері.

Үйінен шығып бара жатқан спортшы қарсы жолда келе жатқан көлікке соқтығысты. Көліктің жүргізушісі әйел адам болыпты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, тек көліктері ғана зақымданған.