Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Негізі жастардан жасақталған ұлттық құрамамыз 1 күміс, 1 қола иеленіп жалпыкомандалық алтыншы орынды Әзірбайжан құрамасымен бөлісті.

Біріншіліктің жеңімпазы Ресей, екінші сатыда «әліптің артын баққан» Қытай, ал үшінші Солтүстік Корея. Өзбекстан командасы кішігірім «сенсация» қылды, 1 алтын және 1 қола еншілеген ала шапанды көршілеріміз жалпы есепте төртінші. Жалқы алтынның жалына жармасқан Тайвань бестікке ілінді.