Қытайдың Сямынь қаласында 22-27 қазан күндері «Гранд Слам» Әлемдік турының кезеңдік ақтық жарысы өтті.

 «Үлкен дулыға» Әлемдік турындағы он екінші, «Гранд Слэм» дәрежесіндегі Әлемдік турдың оныншы ақтық кезеңі саналатын бұл жарыста тұңғыш рет Қазақстан құрамасынан бес жұп қатысып, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова үздік бестікке енді. 1/8 финалда қытайлықтарды 2:1 есебімен ұтқан олар, ширек финалда американдықтардан сүрініп, бесінші орын мен рейтингтік 480 ұпайға қол жеткізді. Ал Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 17-ші орынға табан тіреп, рейтинг қорына 320 ұпай қосты. Олар жарысты бірден негізгі кезеңнен бастаған болатын. Дәрежелік раундтағы сайыста жарыс жолынан ерте шығып қалған Бақтыгүл Самаликова мен Александра Варасова, Владислав Пустынников пен Сергей Богату 33-ші орын мен 160 ұпайды қанағат тұтты. Енді ұлттық құрама мүшелері 7-10 қараша күндері Қытайда болатын Азия чемпионатында бақ сынайтын болады.