ҚПЛ-нің 31-ші турында «Қайраттан» жеңіліс тапқан «Шахтер» ФК бас бапкері Виктор Кумыков матч соңынан журналистерге сұхбат берді.

- «Қайрататан» еш кем емеспіз, өкінішке қарай қақпашы мен қорғаушының жіберген қателігіне байланысты жеңілі таптық. Алаңға негізгі құрам ойыншылар шықпаса да жақсы ойын көрсеттік деп есептеймін.- Негізгі күшті Кубокқа жұмсайсыздар ма?- Иә, ел Кубогы мен Еуропа лигасындағы ойындар біз үшін аса маңызды екенін бұдан бұрын айтқанмын. Қазанның 30-да алғашқы маңызды матч өтеді. Айтпақшы бұл «жүз жылықтың» кубогы. Ел біріншілігіне шамамыз қалмады, Еуропа лигасындағы матчтарда жақсы ойнау үшін біріншіліктегі ойындарды екінші қатарға қойдық.