Қазақстандық зілтеміршілер Алмас Өтешев пен Владимир Седов Польшада өтіп жатқан әлем біріншілігінде жүлделі болды.

94 келі салмақ дәріжесінде сайыс қызықты өрбіді. Жұлқа көтеруде үш спортшы бірдей нәтиже көрсетті - 180 келі. Белорусь өкілі Александр Макаренко ең жеңіл болғандықтан бірінші орыннан көрінсе, артынша ресейлік Александр Иванов пен жерлесіміз Владимир Седов орналасты.

Серпе көтеруде Өтешев ресейлік спортшымен төң өнер көрсетті. Ал Владимир Седов 216-дан асыра алмады. Жалпы нәтижеде 402 келі еңсерген ресейлік Александр Иванов көш бастады.Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Вроцлав, Польша.Ерлер, 94 келіге дейін.1. Александр Иванов (Ресей) - 402 келі (180+222)2. Алмас Утешев (Қазақстан) - 397 келі (175+222)3. Владимир Седов (Қазақстан) - 396 келі (180+216)