Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан командалардың ең осалы «Рома» дегенбіз. Алғашқы кездесуден соң бұл сөзіміз шындыққа айнала түскен.

Алайда римдік команданың өз ойлағаны болып шықты. Қарымта кездесудің бірінші таймында Джеконың көмегімен бір гол соққан «Рома» екінші таймда тағы екі гол соғып 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл есеп римдік командаға Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуға жеткілікті еді.

Ал Чемпиондар лигасының басты фавориті саналған «Барселона» турнирді ширек финалдан аяқтауға мәжбүр.

«Рома» - «Барселона» 3:0 (1:0)

Голдар: Джеко 6, Де Росси 58 (пенальти), Манолас 82.

Бірінші кездесу: 1:4.

«Рома»: Алиссон, Де Росси, Джеко, Жуан, Коларов, Манолас, Наингголан (Эль-Шаарави 78), Стротман, Фасио, Флоренци, Шик (Юндер 73).

«Барселона»: тер Штеген, Альба, Бускетс (Алькасер 89), Иньеста (Гомеш 81), Месси, Пике, Ракитич, Роберто, Семеду (Дембеле 85), Суарес, Умтити.

Ескерту алғандар: Фасио 37, Жуан 43, Пике 57, Месси 64, Суарес 74.