Бокстан WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстром WIBA, WBU, WBC Silver бойынша чемпион белдігінің иесі Фируза Шәріповамен жекпе-жек өткізуге ниетті, деп хабарлайды Qsport.kz.

Финляндиялық боксшы Ева Вальстромның менеджері Фируза Шәріпованың ұсынысына жауап қатты.

- Қазір Еваның қабағы жарылған. Жарақаты бар. Толық шешімді 11-ші сәуір күні қабылдаймыз. Дәрігердің шешімінен соң Фируза Шәріповамен жекпе-жек өткізу туралы ойланамыз. Фирузамен Монакода жекпе-жек өткізгіміз келеді, - дейді Петри Паймандер.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова 9-шы маусым күні Санкт-Петербург қаласында Ева Вальстромға жекпе-жек өткізуге ұсыныс тастаған.