Қазақстан Республикасының биатлоншылар одағы биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы В.Н. Польховскиймен келісімшартты ұзартпайтын болды.Валерий Николаевич Польховский осы маусымды аяқтаған соң құрамадағы қызметінен кетеді. Бұл шешім екіжақты келісім бойынша жасалды. ҚБО бас бапкердің жұмысына алғысын білдірді. Ал Польховский өз кезегінде қазақстандық биатлоншыларға табыс тілейтінін жеткізді.